ұрыс тамақтану – әдет ғұрпын құру
Бүгін №3 кітапханада «Дұрыс тамақтану – әдет ғұрпын құру» атты денсаулық сағаты өтті.
Шара барысында кітапханашылар оқырмандарға салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтану ережелері, дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары туралы, адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ деп, әрқашан таза жүруді, фаст-фуд пен газдалған сусындарды азайтуға тырысу керектігін түсіндіріп, кітап көрмесімен таныстырды.
Мақсаты: Салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру. Дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту туралы білім беру. Жауапкершілікке, ұқыптылыққа бағыттау.







