Конституция – нұрлы өмір шырағы

  19 маусым күні жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада оқырмандардың қатысуымен ҚР Конституциясына – 30 жыл толуына орай «Конституция – нұрлы өмір шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
  Көрменің мақсаты – оқырмандарға Ата Заңымыздың тарихи маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және азаматтық жауапкершілікті арттыру. Конституция – мемлекетіміздің негізгі тірегі, ел бірлігінің бастауы, әр азаматтың құқығы мен еркіндігінің кепілі. 
 Көрмеге Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы, оның тарихи даму кезеңдері, Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, құқықтық әдебиеттер мен түсіндірмелер, заңгерлер мен қоғам қайраткерлерінің еңбектері қойылды. 
  Сонымен қатар,  көрмеде жастарға арналған құқықтық танымдық басылымдар мен балаларға арналған «Менің құқығым» секілді кітаптар да ұсынылды.    Кітап көрмесі оқырмандардың Ата Заңға деген құрметін арттырып, елдің заңнамалық негіздері жайлы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.
20 маусым 2025 ж. 153

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам