» » Заңның үстемдігі, жемқорлықпен күрестің негізі

Заңның үстемдігі, жемқорлықпен күрестің негізі

  №6 кітапханада «Заңның үстемдігі, жемқорлықпен күрестің негізі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында оқырмандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, оның негізгі қағидаттары баяндалып, қазіргі кезеңде құқық бұзушылықтың осы түрінің кең таралуына орай қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жайлы ақпараттық кеңестер айтылды.  
  Сонымен қатар оқырмандарға  заң саласындағы әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар таныстырылып, оқуға ұсынылды. 
 Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтың мәдениеті мен белсенді азаматтық ұстанымын, қалыптастыру, құқықтық білімдерін арттыру.
20 маусым 2025 ж. 74

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам