Кітапқа айтам рахмет, ақылын қосқан санама
№19 кітапхананың ұйымдастыруымен ашық аспан аясында «Кітапқа айтам рахмет, ақылын қосқан санама» атты поэзиялық кеш өтті.
Шараның мақсаты – жазғы демалыс кезінде оқушыларды, студенттерді және қала тұрғындарын оқуға тарту, уақыттарын тиімді өткізу, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау.
Шара барысында кітапхана оқырмандары өздерінің қалаған авторларының өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқады. Аталған іс-шара қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.







