Қазақ елімен сиқырлы саяхат
№6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Қазақ елімен сиқырлы саяхат» атты библиогид өткізді.
Шара барысында жас оқырмандарға Қазақстанның жеті кереметі болып табылатын «Таңбалы тас суреттері», «Домбыра», «Киіз үй», «Алтын адам», «Маңғыстау жер асты мешіттері», «Қожа Ахмет Йассауи кесенесі», «Астана-Бәйтерек кешені» және көркем табиғи аймақтары, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, жер қойнауының қазба байлықтары, өзендері мен көлдері, таулары мен табиғи қорықтары, қасиетті орындары мен тарихи ескерткіштері, қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына қысқаша шолу жасалды.
Жас оқырмандар Отан, ел мен жер, оқу-білім жайлы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқыды. Шараның мақсаты – оқырмандардың жазғы демалысын тиімді өткізуге ықпал жасау, таным көкжиектерін арттыру. Қазақ жерінің киелі жерлерін таныстыру. Елжандылыққа тәрбиелеу болып табылады.







