Табиғат – тылсым әлем
№6 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Табиғат – тылсым әлем» атты библиошар өткізді. Танымдық шараға кітапхананың жас оқырмандары қатысты. Табиғат аясында өткен шара барысында еліміздің қазынаға толы көркем табиғаты, табиғаттың тылсым сырлары, құбылыстары, өсімдіктер мен жан-жануарлардың, құстар мен жәндіктердің тіршілік әрекеті жайлы ақпараттар берілді.
Жас оқырмандар «Ойлан және жауабын тап?» атты қызықты викториналық ойынға белсене қатысып, жалықтырмайтын жұмбақтардың шешімін тауып, өз білімдерін көрсетті.
Шараның мақсаты - оқырмандардың тылсым табиғат жайлы таным көкжиектерін кеңейту, табиғатты сүюге, оған қамқор, жанашыр болуға тәрбиелеу. экологиялық мәдениет қалыптастыру.

