Есірткі құрбаны болудан сақтан
№9 кітапхана «Есірткі құрбаны болудан сақтан» атты дөңгелек үстел өткізді. Шарада оқырмандарға дүниедегі ең қымбат нәрсе ол оның өмірі мен денсаулығы екенін, өмірлерінің өз қолыңда – темекі, вейп, алкоголь денсаулыққа зиянын тигізіп қоймай, оның арты нашақорлыққа әкеліп соғатыны туралы айтылды.
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
Осыған орай бүгін кітапхананың ұйымдастыруымен Ақжарма ауылының тұрғындары мен жастарына нашақорлық қоғам дерті екені кеңінен түсіндірілді.

