Рухани уыз
№16 кітапхана «Жазғы кітапхана» бағдарламасы аясында «Рухани уыз» атты дауыстап оқу өткізді. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты.
Қазіргі кезде білім, тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық тарихының, дәстүрінің, рухани ата-баба мұраларының алатын орны зор. Ежелгі түркілік тектен тараған халқымыздың інжу-маржандары, қазақ халқының ұлы ойшылдары мен ғұлама абыздарынан мұра боп қалған асыл сөздер халқымыздың бойына, жастардың жүрегіне өшпес із қалдырумен келеді.
Ауызша журналда кітапханашы оқырмандарға ел ауызындағы өнегелі әңгімелер, бата-тілектер, дәстүрлі әндер, халықтық өнер туындыларын жаңғырту жұмыстары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ қазақ елінің мәдениетін, тарихын, фольклорын, салт-дәстүрлері туралы жазылған кітаптарды таныстырды.







