Қазақтың домбыра өнері

   №6 кітапхана Ұлттық домбыра күніне орай оқырмандар арасында рухани құндылықтарды дәріптеу, ата-бабадан жеткен киелі мұра – домбыра өнерінің терең болмысын таныту мақсатында А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Қазақтың домбыра өнері» атты әдеби дайджест ұйымдастырды.
   Шара барысында домбыра тарихы, дәстүрлі күй өнері, жыраулық поэзия мен шертпе-көкейкесті күйлердің табиғаты жайлы әдебиеттер мен танымдық деректер таныстырылды. Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Нұрғиса Тілендиев сынды дара тұлғалардың өмірі мен өнер жолы кеңінен талқыланды.
  Шараға А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі  Ләззат Қалибекқызы және үйірме оқушылары қатысып, күй өнерінен көрініс ұсынып, кеш мазмұнын жандандыра түсті. Бұл әдеби кездесу – ұлттық өнерді қастерлеу, жас ұрпаққа дәстүрлі мәдениетті насихаттау бағытында мәні зор рухани тәрбие алаңы болды.
04 шілде 2025 ж. 78

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам