Спорт-денсаулық кепілі
№13 балалар кітапханасы №11 мектептің жанынан құрылған «Ақ көгершін» күндізгі тынығу лагері балалары арасында «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық сайыс ұйымдастырды. Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу мақсатындағы шара барысында балалар допты ойын, секірмек, шеңбер, шахмат ойындарын ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Жүлдегерлер анықталып, белсене атсалысқан балаларға сыйлықтар табыс етілді.








