Домбыра – асыл мұра

    №17 кітапхана Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – асыл мұра» атты музыкалық калейдаскоп өткізді. Мерекелік шарада арнайы «Қазағымның қазынасы домбыра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына кеңінен насихатталды.
   Шарада Қызылжарма мәдениет үйінің жанынан құрылған «Балқаймақ» домбырашылар үйірмесінің өнерлі оқушылары «Балбырауын» және «Нәр ағашы»  күйлерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
   Жас оқырмандарға домбыра аспабының шығу тарихы таныстырылып, қазақ халқының тыныс-тіршілігін, тарихын салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын бүгінге жеткізген асыл мұра екені кеңінен айтылды.
03 шілде 2025 ж. 27

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам