Ұлттық аспап – домбыра

   №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Қарақат» мектеп студиясының қатысуымен «Ұлттық аспап – домбыра» атты ауызша журнал өткізілді. 
   Шара барысында оқушыларға домбыраның жалпы құрылысы мен шығу тарихы жайлы ақпарат берілді. Шараға арнайы домбыра үйірмесінің оқушысы Жуманов Диас Адай күйін орындаса, домбыра үйірмесінің жетекшісі Шоханова Гауһар Серікбайқызының сүйемелдеуімен, үйірме мүшелері Құрманғызының «Балбырауын» күйін өз нақышында келтіре орындады. 
   Ауызша журналда «Домбыра – халық мұрасы» атты кітап көрмесі жасалып, күй өнері мен күйшілер жайлы әдебиеттер, мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген мақалалар қойылып, насихатталды.
03 шілде 2025 ж. 59

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам