Күй керуені

    №3 кітапхана М.Ералиева атындағы мәдениет үйімен бірлесіп, Ұлттық домбыра күніне орай «Күй керуені» атты мерекелік  шара өткізді.
    Ұлттық домбыра күні – халқымыздың рухани байлығын, төл өнерін ұлықтайтын мереке. Шара барысында «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Ұлы мұрамызды ұлықтайтын шараға мәдениет үйінің «Балбұлақ» домбыра үйірмесінің өнерпаздары қатысып, күмбірлеген күймен ерекше әсерге бөледі. Қазақтың белгілі күйшілері Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін тебіренте орындады. 
   Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі  домбыраға қызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу.
03 шілде 2025 ж. 24

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам