Домбыра – Ұлы даланың жаны, рухы, тарихы
№11 кітапхана «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында жас оқырмандардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – Ұлы даланың жаны, рухы, тарихы» атты өнер сағатын өткізді. Шараға №215 орта мектебі жанынан құрылған «Мұрагер» өнер үйірмесінің оқушылары және үйірме жетекшісі Ләззат Шарипбаева қатысты.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылығымыз домбыра аспабының пайда болуы, домбыра жайлы аңыздар және домбырының жасалу жолдары жайлы түсінік беру. Көрнекті ақын Қадір Мырза Әлі «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп жырлаған. Өнер сағатында домбыра аспабының тарихы мен аңыздары жайлы айтылып және тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ үйірме өнерпаздары күйші Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.


