Ару Астана – Ел жүрегі
№15 кітапхана Астана күні мерекесіне орай №2 Оңалту орталығының акт залында «Ару Астана – Ел жүрегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға Астана қаласының тарихи қалыптасуы, сәулеттік ерекшелігі мен даму жолдары туралы мағлұмат беру, елжандылық сезімін арттыру және ұлттық рухты ояту болды.
Шара барысында Астана қаласының көрнекті жерлері жайлы слайд-презентация көрсетіліп, оқушылар Астана туралы өлеңдер оқыды. Сондай-ақ викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды.


