Домбыра – ғасырлар сарыны
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ғасырлар сарыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кеңінен насихатталды.
Кітапхана оқырмандары көрмеге қойылған: М.Әбуғазы «Қазақтың домбыра өнері», А.Жайымбетов «Домбыра үйрену мектебі», И.Кенжалиев «Құрманғазы», Ж.Нәжімеденов «Домбыра ойнау оңай ма?» және т.б. кітаптармен танысып, домбыраның қазақ өмірінде алатын ерекше орны жайында толық мағлұмат алып, көрмемен жақынырақ танысты.

