Табиғат – тал бесігіміз
№12 кітапхана және «Зерде» мектебінің жанынан ашылған «Жас қанат» лагерьмен «Табиғат – тал бесігіміз» атты табиғат сағаты өтті.
Шара барысында оқырмандарға қоршаған ортаны қорғау, таза ұстау туралы баяндалған – «Табиғат», «Атамекен», «Географиялық энциклопедия», «Өсімдектер әлемі», «Табиғатым-тағдырым», «Экология және қоршаған ортаны қорғау», «Табиғатты қорғау және көркейту» және т.б табиғат туралы кітаптар таныстырылып, ақпараттар берілді. Сондай-ақ Мұратқызы Айсезім және Әлиұлы Жандос өздерінің табиғат туралы қызықты ақпараттарымен бөлісті.
Мақсаты: кітапхана оқырмандарына өз туған жерінің табиғаты туралы ақпарат беріп, құрметпен қарауға қоршаған ортаны қорғауға шақыру.

