Жасөспірім және зиянды әдеттер
№5 кітапханада «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Жасөспірім және зиянды әдеттер» атты әңгіме өткізілді.
Жасөспірімдердің арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында оқушыларға темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану сияқты зиянды әдеттердің салдары жайлы мәлімет берілді.
Сонымен қатар, пайдалы дағдылар мен дұрыс таңдау жасау туралы айтылып, осы тақырыпқа арналған мақалалар мен кітаптар ұсынылды.

