Ерте, ерте, ертеде...
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада оқырмандардың қатысуымен «Ерте, ерте, ертеде...» атты көрме – ертегі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың ертегілер әлеміне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының және әлем халықтарының ертегілерімен таныстыру, оқуға сүйіспеншілігін ояту.
«Ерте, ерте, ертеде» атты көрмеде балаларға түрлі қазақ және әлем халықтарының ертегі кітаптары ұсынылды. Кітапханашылар балаларға «Алдар көсе», «Жеті лақ», «Ер Төстік», «Қызыл телпек» сияқты танымал ертегілерді әңгімелеп берді. Балалар өздері білетін ертегілерден үзінділер айтып, сұрақтарға жауап беріп, көрмені қызыға тамашалады.

