Төрт түлік туралы не білеміз?
№13 балалар кітапханасында №11 мектеп-лицейінің бастауыш сынып, 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Төрт түлік туралы не білеміз?» атты қызықты ақпарат сағаты өткізілді.
Шара барысында оқырмандар бір-біріне кітаптан қызықты әңгімелер оқып, өлендер айтып, жұмбақтар қойып, мақал-мәтелдермен жарысты. Төрт түлікке қатысты қызықты мәліметтер айтылып, қазақ халкы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық екені, қазақ халқының ғасырлар бойы малдың терісін, тіршілік ету сырын, жай-күйін, қадір-қасиеті туралы кеңінен қозғады.
Жас оқырмандар төрт түліктен алынатын, халық тұтынатын өнімдерді де жарыса айтты. Сүтінен сусындар, етінен қазы-қарта жал-жая, жүнінен әр түрлі жылы киімдер терісінен етік, бас киім, аяқ-киімдер тігілетіні жайында көптеген ақпараттар берілді.

