Даналыққа толы ғұмыр
Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана белсенді оқырмандардың қатысуымен елге танымал тұлға Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Орынбасар Бәйімбетовтің өмір жолына арналған «Даналыққа толы ғұмыр» атты танымдық сағат өткізді.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа Орынбасар Бәйімбетовтің өмір жолын үлгі ету, ақпарат беру. Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Қызылорда облысының Құрметті қайраткері, Жаңақорған ауданының ХХ ғасыр адамы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Орынбасар Бәйімбетовтің өмірі бүгінгі жас ұрпаққа өнеге.
Осы орайда танымдық сағат барысында оқырмандар Орынбасар Бәйімбетовтің ғибратты ғұмырымен, ел тағдырына келгенде ақ адал ісі мен шыншыл, өткір де талапшыл, темірдей тәртіп пен қаталдығын ұстанып үлкен жетістіктерге жеткен нар тұлғаның еңбектері туралы ақпараттармен танысып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.

