» » 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесі

24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесі

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
   24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесі қарсаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының міндетін атқарушы Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы  кітапхана саласында еңбек сіңірген ардагерлер мен кітапханашыларды мерекемен құттықтап, марапаттады.
   Олардың қатарында көп жылғы еңбегі мен кітапхана ісіне қосқан үлесі үшін қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 балалар кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Райкүл Әлібекқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Шакеева Сәнім Қуанбайқызы ҚР Ұлттық кітапханасының «Алғыс хатымен» марапатталды. 
Сонымен қатар А.С.Пушкин атындағы кітапхананың аға кітапханашысы Кенжеева Рима Нарекешқызы мен №16 кітапхананың кітапханашысы Құлмағанбетова Шынар Жақсылыққызы «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды. 
Кітапхана саласының ардагері Абишева Гүльнұр Мәжитқызы салалық кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, Мұқанова Гүлмира Маханбетжанқызы «Құрмет грамотасымен», Досмырзаева Мираш Маратқызы облыс әкімінің алғыс хатымен, Жылқайдарова Әлия Сайдхасымқызы Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының алғыс хатымен мараптталды.
Кітапхана саласындағы әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Еңбекте мол табыс, шығармашылық өрлеу тілейміз!

23 қазан 2025 ж. 99

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам