Еркін пікір

№ 12 кітапхана «Coworking» орталығында Облыстық «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен  «Еркін пікір» дискуссиялық  клубының кезекті отырысы болды. «Bilim ortalygynda»  өткен кездесуде  қалалық орталықтандырылған   кітапханалар жүйесінің  жетекші мамандарымен  жастар  9 маусым күні өткізілген кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы туралы ой-пікір бөлісті.  «Кезектен тыс президент сайлауында Қазақстан азаматтарының 77,5 % өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясы 10 маусым күні президент сайлауының қорытындысын бойынша  Қасым-Жомарт Тоқаев  70,76 % дауыс жинап, жеңіске жетті. Аумақтық бақылаушы ретінде сайлаудың әділ өткенін сеніммен айта аламын» - деді әдіскер   С.К.Асқарова. Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына  орта буын өкілдері  жауап беріп, жастардың сайлауға қатысты ойлары тыңдалды. «Еліміз үшін жаңа кезең басталды. Сайлау алды бағдарламасында айтылған «Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу»  бағыттар бойынша алдағы уақытта жұмыстар атқарылатын болады. Өздеріңіз білетіндей бағдарламада өрлеудің қозғаушы күші жастар болатынын атап көрсетті. Елбасымен бастау алған және Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа бастамаларын жүзеге асыруда жастар аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз», - дейді  кітапхана мамандары. 

13 маусым 2019 ж. 956

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам