Жаса, жайна Қазақстаным
№14 кітапхана Белкөл кенті клубымен бірлесіп, ҚР күніне орай «Жаса, жайна Қазақстаным» атты мерекелік кеш өткізді.
Шараның мақсаты - жас оқырмандарға Республика күні туралы мағлұмат беріп, жастарды туған елін, жерін сүюге шақыру.
Шара барысында Республика күні туралы жасақталған кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар «Ақбата» әжелер ансамблі Отан туралы әндер орындап, №189 орта мектебінің оқушылары ақын-жазушылардың патриоттық өлеңдерін жатқа оқыды.
Шара соңында Белкөл кенті клубының басшысы Бағдат Әділұлына сөз беріліп, жастарға «Көк туымыз биіктеп, тұғырынан түспесін халықтың бірлігі мен еркіндік рухын айқындайтын ұлттық мерекеміз - Республика күні құтты болсын және болашағымыз сендерсіңдер» деп өз сөзін аяқтады.







