Қазақстан - туған елім, ұлы өлкем
№12 кітапхана Талсуат оңалту орталығымен бірлесіп 25 қазан - Республика күніне орай «Қазақстан - туған елім, ұлы өлкем» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру. Туған жерін, туған елін, халқын ардақтап, Отанға деген патриоттық сезімін ояту. Азаматтардың ел тарихына, Конституцияға және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру.
Шара барысында кітапханашы Назерке Асқарова Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы мәлімет беріп, кітапхана қорындағы еліміздің мемлекет және құқық тарихы, егемендік тарихы жайлы кітаптарға библиографиялық шолу жасады.







