Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер
№12 кітапхана Қызылорда жоғары көпсалалы «Ашық» колледжі ГСХ-25-о оқу тобы студенттерінің қатысуымен «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» атты семинар-тренинг өткізді.
Шараның мақсаты - эмоциялық күйзеліс кезінде көмек сұрау мәдениетін қалыптастыру, өмірдің мәнін түсіндіріп, қиындықтармен күресудің жолдарын үйрету, психологиялық қолдау көрсету.
Суицид термині итальян психологы Г.Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны «өзін-өзі өлтіруге әрекет ету» - деп түсіндіреді. Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар: шынайы суицид, жариялы суицид, жасырын, яғни құпия суицид.
Шара барысында «Ашық» колледжінің оқытушысы Нағима Сұлтанова оқырмандарға суицид жайлы мағлұмат берді. Тақырыпқа сай видеоролик жасалып, кітапханашы Н.Асқарова талдау жасай отырып, оқырмандарды өз өміріне қиянат жасамауға шақырды.







