Жемқорсыз қоғам

   №17 кітапхана мәдениет Үйімен бірлесіп, үйірме жетекшілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа орай «Жемқорсыз қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
   Шараның мақсаты - жемқорлықсыз қоғам  құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, жастарымызға құқықтық мағлұмат беру және де ой-санасын пара беру, сыбайластық арқылы мақсат-мұратқа жету секілді жат қылықтан арылту, жемқорлықсыз жаңа қоғам қалыптастыруға тәрбиелеу. 
   Шара барысында мәдениет Үйінің әдіскері, комплеанс офицері Ақманат Бекетова қатысушыларға, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ, себебі бұл дерт қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылатынын және де осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолданып, бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатынын, сонымен қатар жастарымыздың болашағына кесірін тигізетін індет екеніне ерекше тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен қалай тиімді күресуге болады? Пара беру дегеніміз не? «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? т.б. сұрақтар қойылып, қатысушылар ойларын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті. 
    «Адал ұрпақ - мәңгілік елдің кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Мемлекет және құқық негіздері», Артықбаевтың «Жеті жарғы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар топтамасы оқырмандардың сұранысына ие болды.
05 қараша 2025 ж. 116

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам