Болмаған балалық шақ

   №19 кітапханада М.Маметова атындағы педагогикалық колледж студенттері мен оқытушыларының қатысуымен жазушы, ақын Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесі бойынша кітап талдауы өтті. 
   Мақсаты - жазушының шығармасын кеңінен насихаттау, әдеби құнды мұрасын жастарға үлгі, рухани қазына ету, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
   «Болмаған балалық шақ» повесі – 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма. 
   Шара барысында М.Маметова атындағы педагогикалық колледж студенті Н.Кенжебекова, Х.Асылбекқызы Ақберен ағамыздың қиялындағы өмірі, өмірден көрген тауқыметі, арпалысқа түскен бақытсыз күндері суреттелген шығарманы жан-жақты талдап, өзара пікір алмасты.
   Шара соңында колледж оқытушысы Перизат Маратқызы ХХІ ғасырдағы үздік 20 прозалық туынды тізіміне енген жекелеген мектеп бағдарламаларына еніп, театр сахналарына жол тартқан бірегей туындыны оқуға шақырды.
 
06 қараша 2025 ж. 87

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам