Әлемде талай қызық бар
№ 4 кітапханада «Әлемде талай қызық бар» атты қызықты ақпараттық сағаты жас оқырмандар арасында өткізілді. Іс-шара барысында балалар әлемдегі қызықты ақпараттармен, жаратылыстың алуан түрлі құбылыстарымен энциклопедиялар мен анықтамалықтар арқылы танысып, заманауи сипаттағы кітаптарды оқыды. Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін, мұхиттар мен теңізді мекендейтін түрлі жан-жануарлар әлемі балалар қызығушылығын тудырды.







