Халықты оятқан ақын

   №18 кітапханада ақын, ағартушы, педагог Міржақып Дулатовтың туғанына – 140 жыл толуына орай «Халықты оятқан ақын» атты әдеби дайджест №197 мектептің 6 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен өтті.   
   Мақсаты - М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.    
   Шара барысында ақынның өмірінен мол мағлұмат беріліп, қазақ халқының ұйқыдағы санасын оятып, ұлттық рухын көтерген Міржақып Дулатовтың туған өлкесінен бастап, ауыл мектебінің мұғалімі болып бала оқыта жүріп әдебиетке, кітап оқуға құмарлығы, Зайсан қаласындағы кітапханадан үзбей кітаптар мен жаңа газеттерді алып оқып отыратындығы жас оқырмандарға үлгі етіп айтылды.
Шара соңында «Халықты оятқан ақын» атты кітап көрмесі таныстырылды.
 
06 қараша 2025 ж. 123

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам