Менің сүйікті кейіпкерім
№2 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің кітапханасымен бірлесіп «Менің сүйікті кейіпкерім» атты сурет салу сайысы өтті. Шараға Айнұр Карайева жетекшілік еткен 4 «б» сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты - балалар арасында кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімдерін тереңдету, таным қабілетін дамыту, әдемілікке деген құштарлықты оятып, эстетикалық тәрбие беру. Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу арқылы олардың қиялын ұштау.
Шара барысында балалар үш топқа бөлініп өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін салды. Сайысқа қатысқан балалар өз жұмыстарында ертегі кейіпкерлерінің сұлулығын бейнеледі. Әр сурет ерекше стиль мен түстер үйлесімін көрсетті.
Осындай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ертегі оқуға деген қызығушылығын нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.







