Жарқ етіп сөнген жұлдыз
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уалихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған «Жарқ етіп сөнген жұлдыз» атты танымдық сағат өткізілді.
Шараға «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық өңірлік филиалының апарат басшысы Динара Дүйсенбекқызы және «Сейхун» колледжінің мектепке дейінгі бөлімінің студенттері мен кітапхана меңгерушісі Лазиза Айнадинқызы қатысты.
Шараның мақсаты - ұлы ғалым, ағартушы, саяхатшы, этнограф және тарихшы Ш.Уалихановтың өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа Шоқанның ел тарихындағы орнын таныту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара барысында Ш.Уалихановтың өмір жолы мен қызметі, саяхаттары мен еңбектері туралы ақпараттар берілді. Студенттер ғалымның зерттеушілік қабілеті мен ағартушылық идеялары жайында ой бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар «Жарқ етіп сөнген жұлдыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.
Шара соңында «Ауыл» партиясы кітапхана қорына 24 дана кітапты сыйға тартып, кітапхана қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады.







