«Толқын» газетінің 95 жылдығы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Арал аудандық «Толқын» газетінің 95 жылдығына арналған облыстық мүшәйрада талантты әріптестеріміз «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ- нің әдіскері Ақжол Түменбай 1 орын, №6 кітапхананың кітапханашысы Нұргүл Төлеубай 2 орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Құрметті ақын әріптестеріміз! Сіздердің шығармашылық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінулеріңіз - біз үшін үлкен мақтаныш! Қаламдарыңыз ұшқыр, жырларыңыз жалынды, сөздеріңіз жүрекке жол таба білетін ерекше талант иелері екендеріңізді тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да биіктен көріне беріңіздер. Шабытыңыз шалқып, өнер жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын!
Ізгі ниетпен- әріптестеріңіз.







