«100 кітап» жобасы

   №20 кітапхана Ұлт таңдауы «100 кітап» жобасы аясында «Сөз ұлттың рухы» атты поэзия проза кеші ұйымдастырды. Кешке Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің оқушылары қатысты. 
  Шараның мақсаты - қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру өскелең ұрпаққа рухани бағыт-бағдар беру. Қазақтың классик жазушыларының проза мен поэзия жанрындағы шығармаларын оқыту.
    Шара барысында қатысушылар Б.Момышұлының таңдаулы туындыларының бірі «Ұшқан ұя» шығармасынан үзінді оқу арқылы отбасы тәрбиесінің құндылығын жеткізіп, жазушы-драматург Р.Мұханованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі арқылы Қазақстанның ядролық қасіреті болған Семей полигонының қасіретін шығармадағы басты кейіпкер Ләйлә – қыздың аймен сырласу монолыгы арқылы жеткізе білді. Поэзия жанрынан Абайдың өлеңдері мен ақиық ақын Мұқағалидың поэзиясын мәнерлеп жатқа оқыды. 
    Кеш соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылып, шараға белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
 
11 қараша 2025 ж. 90

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам