Қазақ жырының тұңғиығы
№4 кітапхана қазақтың көрнекті ақыны, ҚР әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ жырының тұңғиығы» атты әдеби сағат өткізді. Шараға Ж.Махамбетов атындағы №43 мектеп оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлзия Жұмағалиева қатысты.
Мақсаты - ақынның бай мұрасын ұлықтап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштікпен рухани құндылықтарды қалыптастыру.
Шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасына шолу жасалып, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі жайлы ақпарат берілді. Оқушылар Ж.Нәжімеденовтің өлеңдерін жатқа оқып, туған жерге, елге деген махаббатын жырлаған туындыларынан үзінді оқыды. «Менің Қазақстаным» әнінің тарихына да тоқталып, бейнебаян көрсетілді.
Шара соңында «Қазақ жырының тұңғиығы» атты кітап көрмесі таныстырылды.







