Ұлттық-төл теңге

   №8 кітапхана 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық-төл теңге» атты ауызша журнал өткізді. Шараға №268 мектеп-лицей мұғалімдері Р.Килыбаева,  Н.Мұрсалова және мектеп кітапханашысы Г.Амирова, Ж.Баймолдаева, 5 сынып оқушылары қатысты.
   Шараның мақсаты – Қ.Р ұлттық валютасы, теңгенің шығу тарихы мен енгізілуі  кезеңдері және алғашқы банкноттардың бейнесі мен ұлттық валютаның еліміздің экономикасының дамуындағы ролі туралы мағлұмат беру. Ұлттық құндылыққа деген құрмет сезімін оятып, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу. 
   Шара барысында оқырмандардың Қазақстан Республикасының құндылықтары туралы сұрақтар қойылып, ұлттық теңгенің даму тарихы мен алғашқы банкноттардың шығу тарихы жайлы айтылды.
12 қараша 2025 ж. 111

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам