Қазақ рухын оятқан тұлға

   №9 кітапханада қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай «Қазақ рухын оятқан тұлға» атты портрет кеші болып өтті. 
   Іс - шараның мақсаты – оқырмандарды М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиетінің, мәдениетінің және ұлттық сананың дамуына қосқан үлесімен таныстыру. 
   Шара барысында оқушылар жазушының өмір жолы, «Алаш» қозғалысына қатысуы, сондай-ақ бостандыққа, білімге және халықтың бірлігіне үндейтін шығармалары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар кітапханашы М.Дулатовтың алғашқы қазақ романы «Бақытсыз Жамал» шығармасынан үзінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып берді.
  
12 қараша 2025 ж. 129

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам