Дін мұраты - ынтымақ пен имандылық
№5 кітапханада «Дін мұраты - ынтымақ пен имандылық» атты кездесу кеші болып өтті.
Шараның мақсаты - жастарға имандылық, сабырлық пен адамгершіліктің мәнін ұғындыру, ел ішіндегі бірлікті дәріптеу.
Шара барысында Абай Мәдениет Үйінің әдіскері Сәттібек Кенебаев оқырмандарды діннің қоғамдағы рөлімен және бірлік, татулыққа қосар үлесімен таныстырды. Ауыл иманы Берік ұстаз сөз алып, діннің басты ұстанымдары - әділдік, мейірімділік, сабыр мен өзара сыйластық туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Жиналған оқырмандар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасу жүргізілді. Кітапханашы қатысушыларға «Имандылық - өмір өзегі» атты кітап көрмесін таныстырып, ондағы діни және тәрбиелік мазмұндағы әдебиеттерге шолу жасады.







