Балалар әдебиетінің бәйтерегі

   №16 кітапхана қазақтың белгілі ақын-жазушысы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби дайджест өткізді. Шараға Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары қатысты.
   Шараның мақсаты - оқырмандарға Сапарғали Бегалиннің өмір жолдары мен шығармашылығын насихаттау.
   Шара барысында көркем шығармаларымен, адамгершілік сұлу келбетімен, оқырман сүйіспеншілігіне, халқының құрметіне бөленген, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ақын-жазушы С.Бегалиннің өмір жолдары мен шығармашылығына тоқталып, кітапханашы оның кітапхана қорындағы көп томдық шығармалар жинағымен, «Қыран туралы аңыз», «Бала Шоқан», «Жамбыл», «Заман белестері», «Сахара сандуғаштары» атты шығармаларын кеңінен таныстырды.
14 қараша 2025 ж. 97

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам