Ел мен жер
№8 кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңба қалдырған аса көрнекті қазақ жазушысы, ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың «Ел мен жер» атты шығармасына кітап талдауын өткізді.
Аталған шараға Бәйтерек мектебі 6 сынып оқушылары мен мұғалімі Ж.Садуақасова қатысты.
Шараның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік - рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
Шара барысында Тәкен Әлімқұлов өмірбаяны мен шығармаларын таныстыра отырып, оқырмандар «Ел мен жер» шығармасының мазмұны бойынша, өз ойларын ортаға салып кітапқа деген қызығушылығын білдірді.







