Ұлттық валюта - теңге
№1 кітапхана 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық валюта - теңге» атты танымдық іс-шара өткізді.
Мақсаты – Тәуелсіздігіміздің нышаны болып табылатын төл теңгеміздің шығу тарихын таныстыру, ұлттық құндылығымызға деген құрмет сезімдерін арттыру, таным көкжиектерін кеңейту.
Шараға Ә. Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 6 «ж» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапхана қызметкері Ж.Тұрсынова теңгенің шығу тарихымен және оның дизайнерлері жайлы ақпараттарды таныстырды. Жас оқырмандар ұлттық валютамыз жайлы көрініс көрсетті. Сондай-ақ «Тиын теңгеден құралады» атты мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойынына қатысып, белсенділік танытты.







