Әл-Фарабидің рухани мұрасы
№6 кітапхана ұлы ойшыл, ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына орай К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп – гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Әл-Фарабидің рухани мұрасы» атты ақпарат сағатын өткізді.
Шараның мақсаты – қазақ даласының данышпаны атанған әл-Фарабидің әлемдік ғылым мен өркениетке қосқан өлшеусіз үлесін насихаттау, жас буынның тарихи-рухани танымын кеңейту.
Шара барысында әл-Фарабидің өмір жолы, туған ортасы, білім алған шаһарлары мен ғылыми ізденістері жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Ойшылдың философия, логика, музыка, математика, этика, астрономия, медицина саласындағы еңбегі, әсіресе оның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Әл – Фараби – шығыстың ұлы ойшылы», «Ізгі қоғам», «Фараби» секілді әлемдік деңгейдегі трактаттарының мән-маңызы түсіндірілді.







