Теңге елдігіміздің белгісі
№17 кітапханада Қазақстан Ұлттық валютасы – теңге күніне орай, С.Әлжіков атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Теңге елдігіміздің белгісі» атты қызықты ақпарат сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа өз ұлттық теңгеміздің тарихы туралы мәлімет беру, оның маңызын түсіндіру.
Шара барысында оқырмандар қаржыны тиімді пайдалану жолдары, алғашқы валюта қай қалада жасалғаны жайлы қызықты ақпаратпен танысты. Сонымен қатар, С.Әлжіков атындағы орта мектептің мұғалімі Ләззат Сатыбалдықызы Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов екенін айтып, өз ойымен бөлісті. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, О.Баймұратовтың «Қазақстан қаржы нарығы», Н.Фергюсонның «Ақша», С.Құлпыбаевтың «Қаржы негіздері» және т.б әдебиеттер мен мерзімді басылымға жарияланған мақалаларға библиографиялық шолу жасалды.







