Алтын Орда тарихы - қазақтың тарихы
№20 кітапхана Абай атындағы ДБА мектебінің оқушыларының қатысуымен Алтын Орданың 755 жылдығына орай «Алтын Орда тарихы - қазақтың тарихы» атты тарихи кеш өткізді.
Шараның мақсаты – жастарға өткен тарихымыздан сабақ алып, болашаққа бағдар жасап, ұлтжанды ұрпақ болып қалыптасуға ықпал жасау.
Кешке Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы арнайы қонақ ретінде қатысып, Алтын Орданың қазақ тарихынан алатын орнының маңыздылығын түсіндіре отырып, Жошы ұлысынан бастау алған алып мемлекет қазақ хандығына ұласып, XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы, Әлихан Бөкейханмен жалғасатынын мақтанышпен айтып, жастарға тарихымызды тереңінен оқып еліміздің ұлтжанды, білімді ұрпағы болу керектігін айтты.
Шара барысында Алтын Орданың негізін қалаушы Жошының ұрпағы Бату ханның Сарай қалсын тұрғызу сәті сахналанып, «Тарихтан сыр тартайық» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.







