Батыр – тағдыр, ғылыми ғұмыр

   №13 балалар кітапханасы Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы, педагог Мәлік Ғабдуллиннің 110 жыл мерейтойына орай, «Батыр – тағдыр, ғылыми ғұмыр» атты танымдық сағатын өткізді. Аталған шараға №176 орта мектептің 6 «Ә» сынып оқушылары мен кітапхана меңгерушісі Гүлжанат Бапан, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Пернегүл  Мархабатқызы қатысты. 
   Шараның мақсаты - оқырмандарға Мәлік Ғабуллиннің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігін дәріптей отырып, ержүректік, батырлық, қайсарлық сияқты қасиеттеріне зер салуға, еңбекқорлыққа, елін туған жерін сүюге тәрбиелеу.
   Шара барысында Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған лед экраннан бейнебаян көрсетілді. Оқушылар жазушының өмір жолымен танысып, ақынның бейнесін қағаз бетіне түсірді. Шара соңында Пернегүл Мархабатқызы жас ұрпақты кітап оқуға шақырып, белсене қатысқан оқырмандарға алғысын айтты.
18 қараша 2025 ж. 46

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам