Крылов: уроки на все времена
Қызылорда облысының Достық үйінде Славяне этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Крылов: уроки на все времена» атты әдеби қонақжайға А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана қызметкерлері қатысып, кітапхана қорындағы ұлы орыс мысалшысы И.А.Крыловтың шығармаларынан топтасқан «Мудрый баснописец» атты кітап көрмесін таныстырып, кеңінен насихаттады.
Шараның мақсаты - И.А.Крыловтың шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау, кітапханаға оқырман тарту.
Іс-шара барысында шараға қатысушылар кітап көрмесіне қойылған И.А.Крыловтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы жазылған әдебиеттермен және қазақ қаламгерлері Абай, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С.Көбеевтің мысал аудармаларымен танысып, қажетті ақпараттар алды.
Шара соңында кітапханашы Д.Төлендиева мен М.Кенжебаева Қазақстандағы Ресей елшілігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.







