Періштелердің өлімі

   №17 кітапхана С.Әлжіков атындағы №144 мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Періштелердің өлімі» романы бойынша кітап талдауын өткізді. 
   Шараның мақсаты – романның мазмұны, идеясымен таныстыру, оқырманның танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту, әдебиетке қызығушылығын ояту.
   Шара барысында кітапхана оқырмандары Айзере Абайқызы мен Гүлфайруз Әмірбек романда «Жыланның уы» хикаятынан алған әсерін айтып, ой-пікірімен бөлісті. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұргүл Палымбетова роман кейіпкері Ералы, Байшұбар, Шертайдың ауылдан күнкөріс үшін шығып барған сапарларының соңғы аялдамасы ажал болғаны туралы өте тартымды тілде әңгімелеп берді. Шараға қатысушылар бұл романның өзінің терең астары да, кейіпкерлерінің жан - дүниесі де аса шеберлікпен жазылған шығарманы талдап, өз ойларын ортаға салды.
19 қараша 2025 ж. 55

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам