Абай жолы

   №6 кітапхана К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» эпопеясына оқырмандар конференциясын өткізді. 
   Шараның мақсаты – оқырмандарды классикалық мұраның құндылығымен таныстыру, Абайдың рухани әлемін насихаттау.
   Шара барысында қатысушылар романның мазмұны, ондағы тарихи оқиғалар, кейіпкерлер бейнесі және жазушының көркемдік шеберлігі жөнінде өз ой-пікірлерін айтып, Абайдың қара сөзін қазақша және ағылшын тілінде жатқа айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сонымен қатар оқырмандар викториналық сұрақтарға ұтымды жауаптарын берді. 
   Шара соңында «Абай мұрасы – халық қазынасы» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
18 қараша 2025 ж. 56

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам