Музыка өнерінің қаһарманы

   №12 кітапхана қазақтың дарынды композиторы, домбырашы, дирижер Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Музыка өнерінің қаһарманы» атты өнер сағатын өткізді. Аталған шараға «Аманат school» мектебінің 4 «а» сынып оқушылары қатысты.
 Шараның мақсаты - Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын насихаттау, ұлттық музыкалық мұраны сақтау, жас ұрпақ арасында мәдени бірегейлік пен бірлікті нығайту.
   Шара барысында кітапханашы Ақманат Жылкелдиева композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, өнер иесінің туындыларын таныстырды.

21 қараша 2025 ж. 101

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам