Ел үмітін ақтаған толағайлар

   №17 кітапханада «Шабыт» көркем сөз оқу үйірмесінің оқушыларының қатысуымен  «Ел үмітін ақтаған толағайлар» атты спорттық сағат өтті.
   Шараға қатысушылар көк байрағымызды әлемдік спорт аренасында биік ұстап жүрген спортшылардың жеңісті жолдары баяндалған кітаптармен танысты. Қазақ спорты тарихындағы жаттықтырушының өмір тарихы, жеңіс пен жеңіліс кезек өрілген тағдыры баяндалған Қ.Әбілдиновтың «Ел намысы бір кеудеге сыйған ба?», Т.Досмұхамбетовтың «Нар жолында жүк қалмас», «Бапкерлік деген-бір ғылым», «Спортымен атағы асқақтаған Ақмешіт» атты кітаптар оқырманның ерекше сұранысына ие болды. 
   Үйірме жетекшісі Қ.Абдуллаева атағы алты алашқа жайылған Сыр елі перзентінің спорттағы жетістіктеріне ерекше тоқталып, спорт - бойға қуат, ойға нәр беретін өнер екенін айтып, өз ойымен бөлісті.
 
21 қараша 2025 ж. 71

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам